1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 12 ақпанда N 2-4-104 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің 2010.12.20 N 3 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу жүргізілсін.
      2. Поселкелік, ауылдық округтерінің әкімдері:
      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі белгілеген мерзімде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын.
      2) Шақырушыларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғаны туралы мерзімінде хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Ақсу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Кулайхан Тұрсынбекқызы Дәулетбекова), "Ақсу аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Арыс Құрманбекұлы Исаев) жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғауды конституциялық міндетін мүлтіксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмыстарын жандандырсын.
      4. "Ақсу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Кулайхан Тұрсынбекқызы Дәулетбекова):
      1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қармағына тиісті мұғалімдер бөлсін және олардың орта білім алуын ұйымдастырсын.
      2) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандиттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
      5. "Ақсу ауданы ішкі істер бөлімі" мекемесі (Ерлан Қанатайұлы Сансызбаев, келісім бойынша):
      1) "Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұрудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруде және ұстауда өз құзіреті шегінде көмек көрсетсін.
      6. "Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қайрат Тынбайұлы Бекбаланов):
      1) "Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
      7. "Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Алмат Бекетайұлы Жетібаев, келісім бойынша) осы шешімнің орындалуы туралы 2009 жылдың 5 сәуірінде аудан әкіміне хабарлама берсін.
      8. Аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда 2-4-83 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2009 жылғы 31 қаңтарындағы N 5 санында жарияланған, аудан әкімінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы "1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы" N 3 және аудандық әділет басқармасында 18 наурыздағы 2-4-85 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2009 жылғы 02 наурыздағы N 13 санында жарияланған, аудан әкімінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы "1992 жылы туылған әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы" N 3 шешіміне өзгерістер енгізі туралы" N 1 шешімдерінің күші аудан әкімінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі N 2 шешімімен жойылды.
      9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сабит Бейсенбекұлына жүктелсін.
      10. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Дүйсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады