Алакөл аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 25-3 шешімі. Алматы облысының әділет департаменті Алакөл ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 21 қаңтарда N 2-5-77 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 қаңтардағы N 34-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 қаңтардағы N 34-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" (Салық кодексі) кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алакөл ауданында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін Алакөл аумағында бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономикалық және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                      Е.М. Бекбаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы:                                   Б.Т. Сейрбаев

Алакөл аудандық мәслихатының
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
"Алакөл аумағында бекітілген
базалық ставкалар шегінде
бірыңғай салық ставкаларын
белгілеу туралы"
N 25-3 шешіміне
қосымша

Р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық
ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын
дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

50

5

Карт

12

6

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады