Алакөл ауданы бойынша жер учаскелеріне салынатын салықтық базалық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 25-2 шешімі. Алматы облысының әділет департаменті Алакөл ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 22 қаңтарда N 2-5-79 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 қаңтардағы N 34-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 қаңтардағы N 34-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" туралы кодексінің(Салық кодексі) 372378379381383384387 баптарына сәйкес Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жеке тұлғаларға қора қопсы салынған жерді қоса алғанда, өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленсін:
      1) көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда – 0,01 гектар үшін 20 теңге;
      2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленсін:
      1) Үшарал қаласы үшін 0,39 теңге сомасында;
      3. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) Салық кодексінің 381 бабымен белгіленген аудандық маңызы  бар қала үшін 5,79 теңгені және селолар (ауылдар) үшін 0,48 теңгені құрайтын базалық салық ставкалары 387 баптың 1,5 (+0,50 %) түзету коэффициентін қолдану ретімен алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленсін:
      1) Үшарал қаласы үшін 8,69 теңге;
      4. Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына Салық кодексінің 381 бабымен белгіленген аудандық маңызы бар қала үшін 5,79 теңгені және  селолар (ауылдар) үшін 0,48 теңгені құрайтын базалық салық ставкалары 387 баптың 1,5 (+0,50 %) түзету коэффициентін қолдану ретімен алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленсін:
      1) Үшарал қаласы үшін 8,69 теңге;
      5. Аудандық мәслихаттың 19 желтоқсан 2008 жылы қабылданған, "Аудан көлемінде автотұрақтар, автокөліктерге май құю станциялары орналасқан жер учаскелеріне 2009 жылы салынатын салық ставкалары мөлшері туралы" әділет басқармасында 20 қаңтар 2009 жылы N 2-5-69 болып тіркелген ("Алакөл" газетінің 7 ақпан 2009 жылғы N 6(7338) нөмірінде жарияланған) N 13-2 шешімнің күші 20 наурыз 2009 жылғы N 16-1 шешіммен жойылған.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономикалық және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы:                      Е.М. Бекбаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы:                                   Б.Т. Сейрбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады