Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің 2009.06.17 N 6-8 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен шақырушылардың әскери есебін жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, сондай-ақ 1992 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке алуды уақытында және сапалы жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрылымдарға жастарды әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1992 жылғы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алуды жүргізсін.
2. Шақыру комиссиясының барлық мүшелері комиссияның жұмыс істеген кезінде қызмет жөніндегі міндеттері мен жұмыстарын атқарудан босатылып, істеген күндегі орташа еңбекақылары сақталсын.
3. Селолық округ әкімдері 1992 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған, жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық тіркеуге алуды шақыру комиссиясына уақытысында келулерін қамтамасыз етсін.
4. Балқаш аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Құтпанов Ринат Болатұлы) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мына мәселелерді қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
1) 2009 жылғы 5 қаңтарға дейін қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімшелерге, әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсетсін, оларды жедел іздестіру мақсатында әр селолық округінде ішкі істер бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілдерінен бақылау және іздестіру топтарын құрсын;
3) комиссияның шақыру кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
5. Балқаш аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Халықов Қадір) тіркеу жүргізу кезіндегі көлік, телефон шығындарын төлеуді Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес жергілікті бюджет қаржы есебінен жүргізілсін.
6. Балқаш ауданының орталық аудандық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Есімқұлов Тұрланғазы Абдірахманұлы) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес мына мәселелерді қамтамасыз етсін (келісім бойынша).
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
2) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған жастарға амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрғандардың тізімін тапсырсын;
3) тіркеуге алуға дейін 1992 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман-дәрігерлеріне тапсырсын:
7. Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Сқабаев Бақыт) Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 2009 жылдың қаңтар айының 7-нен наурыз айының 30-на дейін шақыру учаскесіне техникалық қызмет пен іс-қағазын басуға ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар есебінен қажетті адамдар бөлу тапсырылсын.
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылатын 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
8. Балқаш аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Нұрпейісова Назым) тіркеуге алу кезінде:
1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің құзырына орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін мұғалім-педагогтарды бөлсін.
2) 1992 жылы туылған жастар арасынан әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
9. Балқаш аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Жақыпов Қахар Рахметұлы)
1) кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
2) тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери потриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.
10. Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы (Көшербаев Марат Жеңісұлы) осы қаулының орындалу барысы және азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу қорытындысы туралы аудан әкіміне 2010 жылдың 20 сәуіріне дейін ақпарат тапсырсын (келісім бойынша).
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Рахымбаевка жүктелсін.
12. Осы шешім баспасөзден алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Е. Қошанбеков