2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 70 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Балқаш ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 18 маусымда N 2-6-59 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 07 сәуірдегі N 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2010.04.07 N 41 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" N 543 қаулысы негізінде Балқаш аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Бақанас ауылы Қонаев көшесі, 35 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесіне Балқаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа толмаған ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған ер азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етсін.
       2. Селолық округ әкімдері 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етілсін.
       3. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға, азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       4. "Балқаш аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Халықов Кәдір) әскерге шақыруға байланысты жұмыстарды қаржылай қамтамасыз етуді жүргізсін.
       5. "Балқаш ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Көшербаев Марат Жеңісұлы) осы қаулының орындалу барысы туралы көктемгі шақыру бойынша 2009 жылғы 20 шілдеге дейін және күзгі шақыру бойынша 2010 жылдың 20 қаңтарына дейін аудан әкімі аппаратын хабардар етсін.
       6. Балқаш аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 02 наурыздағы N 24 қаулысымен "Аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 08 мамырдағы "Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туылған азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 64 қаулысының (Балқаш аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 12 маусымдағы N 2-6-46 нөмірімен тіркелген және "Балқаш өңірі" газетінде 2008 жылғы 21 маусымдағы N 25-26 нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
       7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлына жүктелінсін.
       8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш ауданы әкімі                        Е. Қошанбеков

Балқаш аудандық әкімдігінің
2009 жылғы 18 мамырдағы "2009
жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті
мерзімді әскери қызметке шақыруын
жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз
ету туралы" N 70 қаулысына
1 қосымша

Балқаш ауданы шақыру комиссиясының құрамы

      Көшербаев Марат Жеңісұлы комиссия төрағасы, Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы;
      Рахымбаев Бақытбек Рахымбайұлы комиссия төрағасының орынбасары, Балқаш аудан әкімінің орынбасары.

Комиссия мүшелері:

      Рыскелдиев Кайрат Жұмағалиұлы Балқаш аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
      Көжекбаев Ілімбай Көжекбайұлы Балқаш аудандық орталық аурухана мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бастығының орынбасары;
      Кабильдинова Рабига комиссия хатшысы, Балқаш аудандық мейірбике орталық аурухана мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Балқаш аудандық әкімдігінің
2009 жылғы 18 мамырдағы "2009
жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті
мерзімді әскери қызметке шақыруын
жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз
ету туралы" N 70 қаулысына
2 қосымша

Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

N

р/с

Селолық аймақтардың аталуы

Барлығы

Өткізу күндері

Сәуір айы

Мамыр айы

Қазан айы

Желтоқсан айы

2

3

6

7

8

9

10







1

2

5

6

7

8

9

12

13









1

Ақдала с/ә
































2

Аққөл с/ә
































3

Ақжар с/ә
































4

Бақанас с/ә
































5

Бақбақты с/ә
































6

Береке с/ә
































7

Бірлік с/ә
































8

Балатопар с/ә
































9

Жиделі с/ә
































10

Желторанғы с/ә
































11

Қарой с/ә
































12

Көктал с/ә
































13

К-Топар с/ә
































14

Құйған с/ә
































15

Миялы с/ә

































БАРЛЫҒЫ:


50

50

50

50

50

50

50







50

50

50

50

50

50

50

50

50









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады