Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы төлеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 26-111 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 тамызда № 2-7-80 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 32-140 шешімімен

        Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 32-140 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық  елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 Қаулысына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      
      1. Жамбыл ауданына жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бюджет қаражаты есебінен 70 (жетпіс) еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төленсін.
      
      2. «Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қозбағаров Табылтай Мәжитұлы) жәрдемақының төленуін қамтамасыз етсін.
      
      3. «Жамбыл аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі       (Сансызбаев Дулат Мұратұлы) жәрдемақының қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, ғылым, білім беру, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық, азаматтардың бостандығы мен мүдделерін қорғау, депутаттық этика, өкілеттіктер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Абаев Әскербек Көкеұлы) жүктелсін.
      
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      
      
      Сессия төрағасы                                  Абаев А.К.
      
      Мәслихат хатшысы                           Қазиев Б.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады