Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010.01.05 N 01 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмысшылар жіберілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Ансатбаев Мұратбай заңмен белгіленген тәртіпте:
1) қоғамдық жұмысты ұйымдастырушы мекемелер мен ұйымдар қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыз адамдарға қолайлы жұмыс орнын қамтамасыз етсін.
2) еңбекақылары ақшалай төленсін және әр адамның жеке есеп шотына түсірілсін.
3. "Еңбекшіқазақ ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Асанбаев Қайрат Сматайұлы қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мерзімінде төленуін қамтамасыз етсін.
4. Аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 23 қаңтарда 2-8-66 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 6 санында жарияланған аудан әкімдігінің 2008 жылғы 08 қаңтардағы "2008 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оған қатысушы жұмыссыздардың еңбек ақы мөлшері туралы" N 33 қаулысының күші жойылған болып танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекетаев Мақсат Тоқбергенұлына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Тойбаев
Енбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2009 жылғы "12" қаңтардағы
"Қоғамдық жұмысшылар жіберілетін
ұйымдардың тізбесін қоғамдық
жұмыстардың түрлерін, көлемі мен
нақты жағдайларын, қатысушылардың
еңбегіне төленетін ақының мөлшерін
және оларды қаржыландырудың көздерін
бекіту" туралы N 1 қаулысымен
бекітілген қосымша
Қоғамдық жұмысшылар жіберілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық
жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,
қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды
қаржыландырудың көздері
Р/с |
Жұмыстардың түрлері |
Жұмыс беруші |
1. |
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге, олардың жесірлеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге, қарттарға |
Ауылдық әкімдер |
2. |
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына әлеуметтік |
Ауылдық әкімдер |
3. |
Аймақтарды көркейту, экологиялық жағдайды |
Қалалық, ауылдық |
4. |
Тұрмыстық коммуналдық мекемелерді, қала және ауыл аумағын тазартуға көмек. |
Қалалық, ауылдық |
5. |
Аймақтық қоғамдық |
Қалалық, ауылдық |
6. |
Зейнетақы мен мемлекеттік |
Зейнетақы төлеу орталығы |
7. |
Жалпы мал дәрігерлік іс-шараларды жүргізуге |
Ауылдық әкімдер |
8. |
Архивтік құжаттарды жаңарту Аудандық архивке құжаттар |
Ауылдық әкімдер |
9. |
Жасы кәмелетке толмаған |
Қалалық, ауылдық |
10. |
Кітап тігу, түптеу, жаңғырту жұмыстары |
Аудандық кітапхана |
11. |
Хат-хабар жеткізіп беру |
Ауылдық әкімдер |
12. |
Мұрағаттық көрмелер |
Аудандық мұражай |
13. |
Саңыраулар клубын ұйымдастыруға көмек, естімейтін және есту |
Аудандық саңыраулар қоғамы |
14. |
Жұмыс іздеу клубы |
Үкіметтік емес |
15. |
Халық дәстүрін, қолөнерді |
Үкіметтік емес |
16. |
Сенім телефоны |
Үкіметтік емес |
17. |
Жастарды мәдени парасатты |
Үкіметтік емес |
18. |
Тұрмысы төмен отбасылары мен оралмандарға МАӘК, мемлекеттік жәрдемақы алуға және кеңестік көмек көрсету. |
Қалалық, ауылдық |
19. |
Ауыл шаруашылығы жұмыстары мен ауылшаруашылық өнімдерін дайындау кезінде маусымды |
Үкіметтік емес |
20. |
Әлеуметтік мәдениет |
Қалалық, ауылдық |
Бюджеттік және үкіметтік емес ұйымдардағы ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысы жергілікті бюджеттен республика бойынша 2009 жылға бекітілген орташа айлық еңбек ақы 13470 теңге көлемінде төленеді.
2009 жылға ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілетіндер саны аудандық жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 720 адам, ал жалпы төлем көлемі 2009 жылға бекітілген аудан бюджетіне сәйкес 29095 мың теңге көлемінде құралады.