Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011.01.10 N 01 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмысшылар жіберілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Аңсатбаев Мұратбай заңмен белгіленген тәртіпте:
1) қоғамдық жұмысты ұйымдастырушы мекемелер мен ұйымдар қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыз адамдарға қолайлы жұмыс орнын қамтамасыз етсін;
2) еңбек ақылары ақшалай төленсін және әр адамның жеке есеп шотына түсірілсін.
3. Аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 5 ақпанда N 2-8-105 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінің 6 ақпандағы N 7 санында жарияланған Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы "Қоғамдық жұмысшылар жіберілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы" N 1 қаулысының күші жойылсын.
4.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекетаев Мақсат Тоқбергенұлына жүктелсін.
5.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Ә. Тойбаев
"Қоғамдық жұмысшылар жіберілетін
ұйымдардың тізбесі, қоғамдық
жұмыстардың түрлері, көлемі
мен нақты жағдайлары,
қатысушылардың еңбегіне төленетін
ақының мөлшері және оларды
қаржыландырудың көздерін бекіту
туралы" 2010 жылғы 05 қаңтардағы
N 01 Еңбекшіқазақ ауданы
әкімдігінің қаулысымен бекітілген
қосымша
Қоғамдық жұмысшылар жіберілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық
жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары,
қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды
қаржыландырудың көздері
Р/с |
Жұмыстардың түрлері |
Жұмыс беруші |
1. |
Ұлы Отан соғысына қатысқан |
Қалалық, ауылдық әкімдер |
2. |
Мүмкіндігі шектеулі балаларды |
Ауылдық әкімдер және |
3. |
Аймақтарды көркейту, экологиялық |
Қалалық, ауылдық |
4 |
Аймақтарды көгалдандыру (ағаштар |
Қалалық, ауылдық |
5. |
Аймақтық қоғамдық науқандарды |
Қалалық, ауылдық |
6. |
Зейнетақының, мемлекеттік |
Зейнетақы төлеу орталығы |
7. |
Әлеуметтік мәдени мәні бар |
Қалалық, ауылдық әкімдер |
8. |
Жалпы малдәрігерлік іс- шараларды |
Ауылдық әкімдер |
9. |
Архивтік құжаттарды жаңарту. |
Ауылдық әкімдер және |
10. |
Кәмелетке толмағандар ісі |
Қалалық, ауылдық әкімдер |
11. |
Кітап тігу, түптеу, жаңғырту |
Аудандық кітапхана |
12. |
Халыққа хат-хабар жеткізіп беру. |
Ауылдық әкімдер |
13. |
Мұрағаттық көрмелер үйымдастыруға |
Мұражайлар |
14. |
Соқыр, естімейтін және есту |
Аудандық саңыраулар |
15. |
Жұмыс іздеу клубы |
Үкіметтік емес ұйымдар |
16. |
Халық дәстүрін, қолөнерді қайта |
Үкіметтік емес ұйымдар |
17. |
Сенім телефондарына байланысқан |
Үкіметтік емес ұйымдар |
18. |
Жастарды мәдени парасатты және |
Үкіметтік емес ұйымдар |
19. |
Ауыл шаруашылығы жұмыстары мен |
Үкіметтік емес ұйымдар |
20. |
Аз қамтылған отбасыларының |
Қалалық, ауылдық әкімдер |
21 |
Жұктырған қорғаныш тапшылығы |
Аудандық аурухана |
Бюджеттік және үкіметтік емес ұйымдардағы ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбек ақысы жергілікті бюджеттен республика бойынша 2010 жылға бекітілген төменгі жалақы көлемінде төленеді.
2010 жылға ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілетіндер саны Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған іс шаралар жоспары бойынша 720 адам, ал жалпы төлем көлемі 2010 жылға бекітілген аудан бюджетіне сәйкес 31424 мың теңге көлемінде құралады.
"Еңбекшіқазақ ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар" бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
бастығы: М. Аңсатбаев