Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды кезекті шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы N 352 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 9 маусымда N 2-8-112 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 315 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2010.04.20 N 315 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Заңының 31-бабының 8 тармағын, Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 5-тармағына, 18-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8 тармақтарына, 19-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 1 сәуiрдегi "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуiр - маусымында және қазан - желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуiр - маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргiзiлсiн.
       2. 2009 жылғы аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
       3. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысы Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс Iстерi жөнiндегi бөлiм жанындағы шақыру пунктiнде (Есік қаласы Абай көшесі 322, Шелек селосы Қадыров көшесі 2) ұйымдастырылсын.
       5. "Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi (Болат Рысбайұлы Балақойшиев, келісім бойынша) шақыру өткізуді бастар алдында жергілікті әскери басқару органдарының сұрау салуы бойынша стационарлық емдеудегі және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді хабарласын.
       7. "Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Қуандық Омарұлы Бахтамбаев, келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді, ұстауды және анықтау және алдын алу тергеу органдары жеті күн мерзім ішінде жергілікті әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын алу тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер туралы ақпарат берсін.
       8. "Еңбекшіқазақ аудандық әділет басқармасының" бастығы (Байғазы Сананұлы Жайлаубаев, келісім бойынша) әскери есепке қою немесе әскери есептен шығару туралы мәліметтер берген жағдайда, олардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуді (тіркеуден шығаруды) жүзеге асыруды және азаматтық хал актілерін жазу органдары жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың тегін, атын және әкесінің атын, туған күні мен туған жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы жеті күн мерзім ішінде хабарлама беріп отырсын.
       9. Қала, селолық округ әкімдері өз құзіреті шегінде:
      1) әскери-есептiк құжаттарында жергілiктi әскери басқару органдарының әскери есепке алғаны (әскери есептен шығарғаны) туралы белгiлерi болған кезде әскери қызметшiлердi, әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi (тiркеуден шығаруды) жүзеге асыруға;
      2) жергілiктi әскери басқару органдарына әскерге шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілердің сандық құрамын растайтын құжаттар беруге;
      3) жергілiктi әскери басқару органдарына әскер жасына дейiнгiлердi әскери есепке алуда, азаматтарды әскери қызметке (әскери жиындарға) шақыруды жүргізуде көмек көрсетуге;
      4) әскери қызметшілердің, әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есеп ережелерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру жұмыстарын жүргізсін.
      Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 2044 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарына мерзiмдi әскери қызметке 2008 жылғы сәуiр - маусым және қазан - желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туылған азаматтарды кезектi шақыру туралы" қаулысының күші жойылсын.
       10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ташполат Жамалұлы Жамаловқа жүктелсiн.

      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                       Ә. Тойбаев

2009 жылғы 4 мамырдағы N 352
"Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерi Қатарына мерзiмдi әскери
қызметке 2009 жылғы сәуiр - маусымында
және қазан - желтоқсанында 1982-1991
жылдары туылған азаматтарды
кезектi шақыру туралы"
қаулысымен бекітілген
қосымша

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарына мерзiмдi әскери қызметке 2009 жылғы сәуiр - маусымында және қазан - желтоқсанында 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды кезектi шақыру туралы қаулысына байланысты бекiтiлген комиссия құрамы

      Талғат Даулетов Көпжасарұлы - Еңбекшiқазақ аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм бастығы, комиссия төрағасы;

      Жұмалиев Сейдахмет Сәрсенбекұлы - аудандық бiлiм және спорт бөлiмнiң бастығы комиссия төрағасының орынбасары;

      Каскаров Бахытжан Айдарбекұлы - аудандық ішкi істер басқармасы бастығының орынбасары;

      Гүлнәр Съездбекқызы Кураметова - медициналық комиссия төрағасы;

      Гулнара Ильясова Шарапатқызы - комиссия хатшысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады