Қаратұрық селолық округі, Қаратұрық және Достық ауылдарының ұсақ малдарына жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 370 қаулысы. Алматы облсының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 12 маусымда N 2-8-113 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қазандағы N 1089 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009.10.28 N 1089 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18-тармақшасын, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 9-тармақшасы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Жануарлар және адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережелерін бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып және Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 16 наурыз айындағы N 1 ұсынысына сәйкес адамдарды (бруцеллез) ауыруынан қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қаратұрық селолық округі, Қаратұрық және Достық ауылдарының ұсақ малдарына жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимі белгіленсін.
       2. Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу мақсатындағы шектеу іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес жүргізілсін.
       3. Еңбекшіқазақ ауданы аймақтық инспекция бастығы Сайлау Қабылбекұлы Темешов /келісім бойынша/ пен Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы Мұхаметжан Нұрхамитұлы Хасенов /келісім бойынша/ бірлесіп, бруцеллез ауруына оң нәтиже берген ошақтарда бруцеллезге қарсы қолданылатын режимнің сақталуын жоспарлы түрде тексеруді, осы нысандарға бекітілген санитарлық дәрігермен бірлесе отырып эпидемиолог, сондай –ақ ветеринарлық дәрігер инспекторлары санитарлық-ағартушылық жұмыстарын жүргізсін және де шаралардың орындалуына бақылау аумақтық мемлекеттік ветеринария инспекторы мен аумақтық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жүзеге асырсын.
      Аумақтық мемлекеттік инспекциясы аурудан таза емес пункттерде ұсталатын барлық ауруға бейім мал басы бойынша зерттеу барысында қатарынан екі рет теріс нәтиже алынса барлық санитариялық шаралар орындалса шектеуді алу туралы ұсыныс енгізсін.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа жүктелсін.
       5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Ә. Тойбаев

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2009 жылдың 8 мамырдағы N 370
"Қаратұрық селолық округі,
Қаратұрық және Достық ауылдарының
ұсақ малдарына жануарлар мен
адамға ортақ жұқпалы аурулардың
(бруцеллез) профилактикасы және
олармен күресу бойынша шектеу
іс-шараларын енгізе отырып
ветеринариялық режимін белгілеу
туралы" қаулысына
қосымша

Қаратұрық селолық округі, Қаратұрық және Достық ауылдарының ұсақ малдарына жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша шектеу іс-шараларының
ЖОСПАРЫ

N

Ветеринарлық санитарлық шаралар

орындау мерзімі

Орындаушы

Кімнің бақылауында

1

Індет ошағы анықталған жағдайда Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына бір тәулік ішінде хабарлама берілсін

Ауру мал анықталғанда

Аудандық аймақтық инспекциясы

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі

2

Ауру шыққан қораны эпизоотиялық эпидемиологиялық тексеру актісін шығару

Ауру мал анықталғанда

комиссия құрамы

Аудандық аймақтық инспекциясының бас мал дәрігерлік инспекторы

3

Анықталған ауру малды тез арада оқшаулап және оларды айқындалған уақыттан бастап 5 күн ішінде жою

Ауру мал анықталғанда

Мал иесі лицензиялы мал дәрігері Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Республикалық эпизоотиялық отряд"

Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы

4

Анықталған ауру малға таңба қойылсын

Ауру мал анықталғанда

Лицензиялы мал дәрігері

Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы

5

Мал тұрған қораны тазалап, көң мен қиды далаға үйіп шығарылуы тиіс

Ауру мал анықталғанда

Мал иесі

Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы

6

Мал тұрған қораға және сойылған жерге дезинфекционная установка Комарова автокөлігімен залалсыздандыру

Ауру мал анықталғанда

Мал иесі лицензиялы мал дәрігері Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Республикалық эпизоотиялық отряд"

Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы

7

Ауру ошақта қорытынды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу

Шектеу алынғаннан кейін

Мал иесі лицензиялы мал дәрігері Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Республикалық эпизоотиялық отряд"

Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы

8

Ауру ошақтағы қалған малдардан екі рет қатарынан теріс нәтиже бергенше 15-30 күнде қан алу

Бекітілген уақытта

Мал иесі лицензиялы мал дәрігері Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Республикалық эпизоотиялық отряд"

Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы

9

Малдық іш тастау жағдайы байқалғанда түсік тексеріледі

Іш тастау жағдай байқалғанда

Лицензиялы мал дәрігер мал иесі

Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы

10

Аурудан таза емес пункте ет сүт өнімдерінің сатылуы сыртқа шығарылуы, малдардың әкелінуі шығаруына тиім салынсын.

Шектеу алынғанша

Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы және ішкі істер учаскелік инспекторлары

Аудандық аймақтық инспекциясының бақылауында

11

Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы ауруларынан (бруцеллез) таза емес ошақтардың тұрғындарымен аурудың алдын алу барысында жиналыс өткізілсін

Ауру тіркелген жағдайда

Ауыл әкімшілігі, мал дәрігерлік инспекторы Ауылдық емханасы

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі

12

ауданның мал базарында мал дәрігерлік зертханалық анықтамасы болмаса малдар кіргізілмесін және сатылмасын

Күнделікті

Мал базарының басшысы

Ауылдық мал дәрігерлік инспекторы және ішкі істер учаскелік инспекторы

13

Мал күтіміне қатысты барлық мал иелері бруцеллезге тексерілуі қадағалансын

Жылына екі рет

Ауылдық округтеріндегі дәрігерлері

Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

      Аудандық аумақтық инспекциясының
      бас мемлекеттік бас ветеринарлық
      инспекторы                                 М.Т. Мұстафаев

      Аудандық ауыл шаруашылық
      бөлімінің бастығы                          А.К. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады