Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2010.02.08 N 36-218 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заңының (Қазақстан Республикасы Салық Кодексі) 422-бабын, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, Ескелді ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңесінің 2009 жылғы 30 қаңтарындағы қорытындысын ескере отырып, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О. Сәрсеновке жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ескелді аудандық мәслихатының
IV шақырылымындағы
ХХ сессиясының
төрағасы Құлбекова Бижамал Бекенқызы
Ескелді аудандық
мәслихатының хатшысы Тастанбаев Қалабек Тастанбайұлы
2009 жылғы 1 ақпанындағы
Ескелді ауданы бойынша бірыңғай
салық ставкаларын белгілеу
туралы N 20-120 шешімінің
қосымшасы
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық
ставкаларының мөлшері:
рет N |
салық салу объектісінің атауы |
тіркелген салықтың |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың |
1 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карта |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |