Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2009.05.26 N 106 Қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабындағы 5 тармақтың 5-4 тармақшасын және 18-1 баптарын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен шартқа отыруға уәкілетті орган болып саналсын.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі (М.Б.Тілеуберген):
1) халықтың нысаналы тобына жататын уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
2) 2009 жылға арналған ауданның бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің еңбегіне төлеген шығынның ішінара төлемін өтесін;
3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысының мөлшері ең төменгі еңбек жалақысы көлемінде екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
4. Аудандық қаржы бөлімі (Г.М. Бейсекулова) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша қаражатты уақытымен бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін.
6.Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Аудан әкімі С.М. Дүйсембінов
Ескелді аудандық әкімдігінің
12 ақпан 2009 жылғы
"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы"
N 27 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі Қазақстан Республикасының "халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес жасалды.
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құрылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді:
1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтар үшін әдейі арналады;
2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;
3) жұмыс берушінің жұмысты жартылай жұмыс күнімен және икемді кесте шарттары бойынша ұйымдастыруға мүмкіндігі бар;
4) әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы болуы қажет.