Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 114 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 22 маусымда N 2-9-84 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 қаңтардағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2010.01.06 N 2 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабындағы 5-4 тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуы мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ескелді ауданының аумағында халықтың нысаналы тобына жататын азаматтарға әлеуметтік қорғау жүргізу мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
       2."Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" мемлекеттік мекемесі (М. Тілеуберген) әлеуметтік жұмыс орындарын құратын, жұмыс берушілермен шарт жасасуға уәкілетті орган болып табылсын.
       3.Уәкілетті орган:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін жүргізуді қамтамасыз етсін;
      2) уәкілетті органда тіркелген халықтың нысаналы тобына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлеген шығынның ішінара өтемақысын бекітілген мөлшерде жұмыс берушілердің есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырсын.
       4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Әлібаевқа жүктелсін.
       5. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               С.М. Дүйсембінов

Ескелді ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 8 маусымдағы
"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібін
айқындау туралы" N 114 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тапсырыс береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу кезінде уәкілетті орган келесі қажеттіліктерді ұсынуы қажет:
      кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, еңбекақыны уақытында төлеу, жұмыс орындарының қауіпсіздік техника нормасына сәйкес болуы, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормасын сақтау, уәкілетті органмен шарт мерзімі өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталған жұмыссыздарға тұрақты жұмыс орындарын жасауға мүмкіндік алады.
      3. Жұмыс беруші уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін шарт жасасады, шартта жақтардың міндеттері, түрлері, жұмыс көлемі, еңбекақының шарттары мен мөлшері, әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыру көздері мен мерзімі, жіберілген жұмыссыздардың саны, жұмыс уақыты көрсетіледі.
      4. Уәкілетті орган аудандағы халықтың нысаналы топтарының жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін бағыттама береді.
      5. Жіберілген жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдайды, қауіпсіздік техника нормасына сәйкес жұмыс орнын береді.
      6. Ағымдағы жылдың 20 – шы күніне дейін ай сайын уәкілетті органға жұмыс берушілер еңбекақы бойынша шығындарды өтеу үшін жұмысқа қабылдау жөнінде келісім шартты, жұмыс уақытының есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған қызметкерлер жөнінде есеп беру және істелінген жұмыс актісін жіберуі тиіс.
      7. Аудандағы халықтың нысаналы топтарының жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін орындау уәкілетті органға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады