Ескелді ауданы Қарабұлақ кент округінің Шымыр ауылының қой ешкі малынан сарып ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу қою туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы N 112 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 22 маусымда N 2-9-85 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 210 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2009.11.18 N 210 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабындағы 2-тармақтың 9-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Алматы облысы, Ескелді аудандық ветеринариялық зертхананың 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 379, 2009 жылғы 4 мамырдағы N 384, 7 мамырдағы N 414 сараптама актілерінің қорытындысы негізінде және Ескелді ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 15 мамырдағы хабарламасын ескере отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ескелді ауданы, Қарабұлақ кент округінің, Шымыр ауылының қой, ешкі малынан сарып ауруының шығуына байланысты Шымыр ауылына шектеу қойылсын.
       2. Сарып ауруын жою жөніндегі мал-дәрігерлік, санитариялық іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін, жоспардың орындалуын қадағалау Ескелді аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Қ.М.Сәменовке жүктелсін.
       3. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары Қ.М. Алпысбаевқа жүктелсін.
       4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудан әкімі                                С.М. Дүйсембінов

Ескелді ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 маусымдағы
"Ескелді ауданы Қарабұлақ кент
округінің Шымыр аулының қой ешкі
малынан сарып ауруының шығуына
байланысты, оны ары қарай
таратпай жою мақсатында шектеу
қою туралы" N 112 қаулысына
қосымша

Қарабұлақ кент округіне қарасты Шымыр ауылында сарып ауруының
ошағын ары қарай таратпай жою жөніндегі мал-дәрігерлік,
санитариялық іс шараларын жүргізу
ЖОСПАРЫ

Рет-
тік
саны

Іс шараларының аталуы

Орындалу
мерзімі

Орындаушы және
жауапты мамандар

I. Ұйымдастыру іс шаралары

1

Шымыр ауыл тұрғындарының арасында мал төлдеген кезде ветеринариялық талаптарға сәйкес жүргізілетін жұмыстар жөнінде насихат жүргізу, ауладағы мал түрлерін төлдету науқаны кезінде жеке басын сақтандыру үшін сабын, орамал, резіңке қолғаппен қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізу.

Мал төлдеу кезінде

Ауданның ауыл шаруашылық бөлімінің мал дәрігері. Қарабұлақ кент округінің вет. инспекторы

2

Ауладағы мал түрлері төлдеген кезде малдың шуын, қолмен ұстамай арнаулы шелекке салып, тиісті шұңқырға тасталғанын қамтамасыз ету

Мал төлдеу кезінде

Ауданның ауыл шаруашылық бөлімінің мал дәрігері. Қарабұлақ кент округінің вет. инспекторы

3

Ауыл шаруашылық мал түрлерін түгелдей бірдейлендіру жұмысын ауыл шаруашылық Министрлігінің 2003 жылғы 2 ақпандағы N 164 бұйрығына сәйкес жүргізуін қамтамасыз ету

Тұрақты мерзімде

Ауданның ауыл шаруашылық бөлімінің мал дәрігері, лицензиялық мал дәрігері

4

Сарыппен ауырған кой ешкі малдарын бөлектеп бөлу және "Б" таңбасын басу, бөлек ұсталынатын малдарды күнделікті қорекпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу

Тұрақты мерзімде

Ауданның ауыл шаруашылық бөлімінің мал дәрігері Қарабұлақ кент, округінің вет. Инспекторы, ауылдық округінің әкімі

II. Ветеринариялық-санитариялық іс шаралары:

1

Сарып ошағындағы мал түрлерінің басқа отарға қосуға және сойып сатуға тыйым салыну жұмыстарын жүргізу

Тұрақты

Ауданның ауыл шаруашылық бөлімінің мал дәрігері. Қарабұлақ кент округінің вет. инспекторы

2

Басқа ауылдан және ауданнан әкелінген мал түрлері түгелдей бір айға карантинге қойылуы тиісті, алдын ала егу, қанын алу жұмыстарын жүргізу.

Тұрақты

Қарабұлақ кент округінің вет. инспекторы, лицензиялық мал дәрігері

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жыл 28 сәуірдегі N 407 қаулысына сәйкес сарыппен ауырған қой ешкі малдарды союға, сатуға тыйым салынсын.

Тұрақты

Ауданның ауыл шаруашылық бөлімінің мал дәрігері, Қарабұлақ кент округінің вет. инспекторы

4

Сарыппен ауырған малдарды жойылғаннан кейін тұрған орнының қора қашаларды тазартып және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.

Оң нәтиже берген мал жойылғаннан соң

Қарабұлақ кент округінің вет. инспекторы

III. негізгі іс-шаралар:

1

Шымыр ауылының мал түрлері түгелдей сарыпқа қаны алынып ветеринариялық зертханада тексерілсін, мал түрлерінің тексерілгенін күнделікті қадағалауға алынсын.

Жоспар бойынша

Карабұлақ кент округінің вет. инспекторы, лицензиялық мал дәрігері

2

Сарыппен ауырған мал ошағынан басқа мал түрлерінен қаны алынып, екі рет теріс нәтиже бергенше тексерілсін және қорытынды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуін қадағалауға алынсын.

Шектеу кезінде

Қарабұлақ кент округінің вет. инспекторы, лицензиялық мал дәрігері

3

Сарыппен ауырған мал ошағындағы адамдардан қаны алынып сарыпқа тексерілсін және сақтандыру, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

Шектеу кезінде

Карабұлақ кент округінің амбулатория меңгерушісі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады