Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009.12.23 N 28-101 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2009 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Карпов Д.П.) тапсырылсын.
3. Осы шешім ресми басылымда жарияланғаннан кейін он күндік мерзім өткен соң, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Ә. Түстікбаева
Аудандық мәслихат хатшысы Ф. Ыдрышева
Іле аудандық мәслихатының
2009 жылғы 5 қаңтардағы
17 58 шешімімен
бекітілген
Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге
асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2009 жылға арналған
бірыңғай тіркелген салық ставкасының 1 айлық мөлшері
Рет |
Салық салу объектісінің атауы |
Бірыңғай тіркелген салықтың |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге |
6 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың |
10 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланатын |
2 |
4 |
Ойын жолы (боулинг) |
25 |
5 |
Карт |
6 |
6 |
Бильярд үстелі |
10 |