Салық төлеушілер үшін 2010 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 28-101 шешімі. Алматы облысы Іле ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда N 2-10-110 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 мамырдағы N 47-197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2011.05.18 N 47-197 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес Іле аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2010 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін.
      2. 2009 жылы 5 қаңтарда қабылданған "2009 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 17-58 шешімі (2009 жылғы 2 ақпанда Іле аудандық әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде енгізілген N 10-02/85, 2009 жылы 6 наурызда N 13 (4276) "Іле таңы" газетінде жарияланған) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан алынып, күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Карпов Дмитрий Павлович) тапсырылсын.
      4. Осы шешім ресми басылымда жарияланғаннан кейін он күндік мерзім өткеннен соң бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Түстүкбаева Ә

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ыдрышева Ф.

Іле аудандық мәслихатының
2009 жылғы 23 желтоқсандағы
N 28-101 шешімімен
бекітілген

Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің
аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер
үшін 2010 жылға арналған бірыңғай тіркелген
салық ставкасының мөлшері

Рет N

Салық салу объектісінің
атауы

Бірыңғай тіркелген салықтың
базалық ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш
бойынша – 1413 теңге)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3

Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы (боулинг)

25

5

Карт

6

6

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады