2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 28-100 шешімі. Алматы облысы Іле ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда N 2-10-109 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 мамырдағы N 47-197 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2011.05.18 N 47-197 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 378379381383386 және 387 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық ставкалары "Іле ауданы бойынша салық басқармасы" мен "Іле аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келісімімен "Іле ауданының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 5-23 шешіміне сәйкес, төмендегідей:
      1 және 2 аймақтарда 50 пайызға көбейтілсін;
      3 – аймақта 40 пайызға көбейтілсін;
      4 – аймақта 25 пайызға көбейтілсін.
      2. 0,50 гектарға дейін жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары: Энергетик, Первомай және Боралдай поселкелік, Казцик, Ащыбұлақ, Чапаев, Междуреченск, Байсерке, Қараой, Жетіген және Күрті ауылдық округтерінде 50 пайызға көбейтілсін.
      3. Аудан аумағындағы елді мекендердің жерлеріне (тұрғын үй қорымен қамтылған, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар тұрған жерлерді қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға көбейтілсін.
      4. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп өндірісі жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға көбейтілсін.
      5. Автотұрақтар, автокөліктерге жанар май құю станциялары және казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары салық Кодексінің 381 бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есеге ұлғайтылып салық салынсын.
      6. 2008 жылғы 16 қазанда қабылданған 12009 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы1 N 14-44 шешімі (2008 жылғы 25 қарашада Іле аудандық Әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде енгізілген N 2-10-83, 2008 жылы 5 желтоқсанда N 48 (4261) Іле таңы газетінде жарияланған) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан алынып, күші жойылсын.
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Карпов Дмитрий Павлович) тапсырылсын.
      8. Осы шешім ресми басылымда жарияланғаннан кейін он күндік мерзім өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрағасы                            Түстүкбаева Ә.

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ыдрышева Ф.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады