2009 жылға кесімді салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 19-3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 30 қаңтарда N 2-11-63 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 30-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 09.09.2009 № 30-6 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабының 1-тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 422-ші бабының 2 тармағына сәйкес Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай ауданы бойынша 2009 жылға төмендегідей салық төлеу объектілеріне кесімді салық ставкалары белгіленсін (қосымша тіркелген):

      1). Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары;

      2). Бірден көп ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары;

      3). Ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютер;

      4). Ойын жолы;

      5). Карта;

      6). Бильярд үстелі.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың депутат этикасы, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуы жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Миразов) және аудандық салық басқармасына (А.Шабдарбаева) жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс 19-шы
      сессиясының төрағасы Е. Нұрманбетов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Ахметов

  Қарасай аудандық мәслихатының
14 қаңтар 2009 жылғы
N 19-3 шешіміне
қосымша

N

Салық салу объектісінің
атауы

Кесімді
салықтың базалық ставкаларының
минималды
өлшемдері (айлық есептік
көрсеткіштері)

Кесімді
салықтың базалық ставкаларының
максималды
өлшемдері (айлық есептік
көрсеткіштері)

Кесімді салықтың бірыңғай ставкалары (айлық есептік көрсеткіштері)

1

2

3

4

5

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын
автоматтары

1

12

6

2

Бірден көп ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын
автоматтары

1

18

10

3

Ойын өткізуге
пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

2

4

Ойын жолы

5

83

25

5

Карта

2

12

4

6

Бильярд үстелі

3

25

10


      Аудандық мәслихаттың

      хатшысы М. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады