Қарасай ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 12-1242 қаулысы. Алматы облысы Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қаңтарда N 2-11-81 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 қарашадағы N 11-1278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2011.11.30 N 11-1278 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, сонымен бірге жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес «Жастар практикасын» ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қарасай ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары Қалиев Еділ Әбуұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Л. Тұрлашов

Аудан әкімдігінің       
2009 жылғы «29» желтоқсан   
Қарасай ауданында жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жөнінде   
      қосымша шаралар белгілеу туралы
      № 12-1242 қаулысына қосымша 

Қарасай ауданында жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар
белгілеу туралы

      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, сонымен бірге жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Қарасай ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар Қарасай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің (бұдан әрі-Уәкілетті орган) бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз жастармен (бұдан әрі-Жұмыссыз жастар) жұмыс жүргізу (бұдан әрі-Жастар практикасы) тәртібін ұйымдастыруды білдіреді.
      2. Жастар практикасы Қарасай ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылып өткізіледі.
      3. Уәкілетті орган еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жастар практикасына жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.

2. Жастар практикасын ұйымдастыру

      4. Уәкілетті орган жастарды жұмыспен қамту бойынша аудандардағы, қалалардағы өңірлік еңбек рыногындағы қалыптасқан жағдайда талдау жасау негізінде Жастар практикасын өткізуді ұйымдастырады.
      Жастар практикасын ұйымдастырғанда келесі негізгі өлшемдер ескеріледі:
      1) жұмыссыз жастардың саны және оның Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендердің жалпы санынан үлесі;
      2) жастар арасындағы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер санының өсуі;
      3) жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің алған мамандығы бойынша еш дағдысының болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.
      5. Уәкілетті орган қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, болашақта даму, өндірісін кеңейту перспективалары және Жастар практикасының қатысушыларын қабылдау мүмкіндіктері бар кәсіпорындар туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді. Бұған қоса Уәкілетті орган Жастар практикасын ұйымдастырудың және өткізудің шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат таратады, сонымен бірге жоғарыда аталған жұмыстың нәтижелері бойынша ұйымдарға Жастар практикасына қатысу жөнінде ұсыныс білдіріп, хабарлама жіберіледі. Ұйымның басшысы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде іс-тәжірибеге қабылданатын жұмыссыздардың шамалы санын немесе қатысудан бас тартқандағы туралы жауап береді. Жауап бермеу Жастар практикасына қатысудан бас тарту болып есептелінеді.
      6. Уәкілетті орган үш күн ішінде тілек білдірген ұйымдармен жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі осы Тәртіптің мазмұнымен жастар практикасын өткізу туралы келісім жасайды.
      7. Ұйымдар туралы жинақталған ақпараттарды қорытындылау және талдау негізінде Уәкілетті орган Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыз жастарға іріктеу кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
      1) үміткерлер жұмыссыз ретінде Уәкілетті органға тіркеуге тұруы керек;
      2) үміткерлердің кәсіптік білімі болуы керек;
      3) Уәкілетті органның мәліметі бойынша Жастар практикасын ұйымдастыру кезінде оларға лайықты жұмыстың болмауы.
      8. Жұмыссыздардың жастар практикасына қатысуы Жастар практикасы басталған сәттен бастап 12 айлық кезеңде бір рет рұқсат беріледі және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
      9. Жұмыссыз азаматтардың Уәкілетті органның шешімі, әрекеті бойынша жергілікті атқарушы органдарға, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе сотқа шағымдануға құқылы.
      10. Уәкілетті орган Жастар практикасын жергілікті атқару органдарымен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа ұйымдармен бірлесе отырып ұйымдастырады.
      11. Жұмыссыздарды жастар практикасына алуға келісім берген жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды және Жастар практикасына қатысушылардың мамандығына сәйкес кәсіби білім, білік, дағдыларын үйретуді қамтамасыз етеді.
      12. Уәкілетті орган жұмыссыз азаматты бекітілген нысандағы жолдамамен Жұмыс берушіге жібереді.
      13. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешімді Жұмыс беруші қабылдайды. Жұмыс беруші жолдаманың жыртпалы талонын толтырып, Уәкілетті органның мекен жайына жібереді.
      14. Жұмыссыздарды Жастар практикасына алу туралы шешім қабылдау кезінде, жұмыс беруші жұмыссызды алты айдан аспайтын мерзімге Жастар практикасына қабылдау туралы бұйрық шығарады. Жұмыс беруші Жастар практикасына қатысушыға білікті маман-тәлімгер бекітеді. Жұмыссыз еңбек міндеттерін жүзеге асыру кезінде еңбек заңдарының талаптарын сақтайды.
      15. Жұмыссыздарды Жастар практикасы қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде, Жұмыс беруші Уәкілетті органға практикаға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді. Жастар практикасына қатысушыны қабылдаған жұмыс беруші әр айдың 25-не дейін Уәкілетті органға жұмыс уақытына есепке алу табелін ұсынады.
      16. Жастар практикасына қатысушы еңбек заңын бұзған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес шартты бұзуға құқығы бар.
      17. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыссызбен шарт бұзылған кезде ол қабылдаған шешім туралы 3 күн ішінде уәкілетті органға хабарлайды. Жұмыссыз азамат практиканы тоқтату туралы шешім қабылдай алады. Бұл туралы Жұмыс берушіге және Уәкілетті органға 3 күннің ішінде хабарлайды.
      18. Шарттың мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші уәкілетті органға азаматты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін оның практикадан өтуі туралы сын пікірімен қоса жолдайды.
      19. Жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыссыз азамат Жастар практикасының мерзімі аяқталмай тұрып тұрақты жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда Жұмыс беруші Уәкілетті органға Жастар практикасына қатысушыны жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      20. Жастар практикасынан өткеннен кейін осы немесе басқа кәсіпорынға тұрақты жұмысқа орналастырылмаған азамат Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұруын жалғастырады.

Жастар практикасын қаржыландыру

      21. Жастар практикасын қаржыландыру бюджет қаржысы есебінен Жұмыспен қамту бағдарламасы 002 бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейтуге ағымдағы мақсатты трансферттер 103 кіші бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      22. Жастар практикасына қатысушыларға ақы төлеуді Уәкілетті орган Жастар практикасына қатысушымен жасалған еңбек шартының негізінде нақты жұмыс атқарған уақыты үшін айына 15 мың теңге мөлшерінен төмен болмасын.
      23. Жастар практикасына қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге Уәкілетті орган олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады