Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010.01.14 N 2 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер: жылу, суық және ыстық сумен, газбен, электр қуатымен жабдықтау, қоқыс шығару сияқты- тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге белгіленген нормалар шегінде (есеп бойынша: айына электр қуаты 45 квт, айына 1 газ балонның құны, ал орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ үйлерде 1 тонна көмірдің құны 6000 теңге мөлшерінде жылына 1 рет) төленуі қамтамасыз етілсін.
2. Ұлы Отан соғысына қатысушы, мүгедек немесе осы азаматтарға теңестірілгендерге тұрғын үйдің не болмаса пәтердің иесі, яки оларды жалдаушы болуына қарамастан төленсін.
3. Тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер алу үшін, қатысушы, мүгедек немесе осы азаматтарға теңестірілгендер "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (К. Сүлейменова) қосымша жеңілдіктер бойынша соманы аударуға, жеке шотының нөмірін көрсете отырып, өтініш жазады. Өтінішіне қосымша жеке куәлігінің көшірмесі, Ұлы Отан соғысына қатысқаны, мүгедектігі немесе осы азаматтарға теңестірілгендігі туралы куәлігі, тұрғылықты жерінен анықтама тапсырылады.
4. "Қаратал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Мәдібеков) тұрғын үй - коммуналдық қызметтер бойынша қосымша жеңілдіктер төлеуді қаржыландыруды белгіленген нормалар шегіне сәйкес бөліну мәселесін шешсін.
5. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 07 ақпанында 2-12-63 нөмірімен тіркелген, 2008 жылдың 22 ақпанындағы N 8 "Қаратал" газетінде жарияланған, Қаратал ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 14 қаңтарындағы N 6 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, осы азаматтарға теңестірілгендердің материалдық – тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысының орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естібаеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Қ. Медеуов