Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009.10.22 N 339 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2009 жылдың 12 маусымындағы N 342 сараптамасы, Қаратал ауданының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2009 жылдың 24 маусымындағы N 313 хабарламалары және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2009 жылдың 24 маусымындағы хаттамасы негіздерінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балпық ауылдық округінің "Жаңаталап" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Естібаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Қ. Медеуов