Қаңбақты ауылдық округінің "Дөңши" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдарының ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу енгізілуі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 шілдедегі N 179 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 21 тамызда N 2-12-115 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 09 қарашадағы N 348 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009.11.09 N 348 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2009 жылдың 13 шілдесіндегі N 464 сараптамасы, Қаратал ауданының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2009 жылдың 28 шілдесіндегі N 415 хабарламалары және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2009 жылдың 28 шілдесіндегі хаттамасы негіздерінде, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қаңбақты ауылдық округінің "Дөңши" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шағыуына байланысты,оны ары қарай таратпай жою мақсатында, шектеу енгізілсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А. Қонақбаевқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады