Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабының 4-тармақшасына сәйкес Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күріш даласы разъезіндегі көшеге Мұхамеджан Тынышбаевтың есімі берілсін.
2. N 47 разъездегі көшеге Түрксіб атауы берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Э. Ким