Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2010.03.02 N 33-156 Шешімімен
"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 07 мамырдағы N 24-105 "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" (2009 жылдың 10 маусымында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-109 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 19 маусымында "Қаратал" газетінің 26 нөмірінде жарияланған) шешімінің қосымшасына төмендегідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-тармағындағы "тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын" деген сөздерден кейін "немесе тіркелген мекен-жайда тұрақты тұратын, егер де учаскелік комиссияның қорытынды актісінде көрсетіліп, расталған болса" деген сөз тіркесімен толықтырылсын және "азық-түлік себетінің құнынан" деген сөздер "ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен" деген сөз тіркесімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы: Л.И. Котова
Мәслихат хатшысы: М.Н. Рақымбаев