Қаратал ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 02 қыркүйектегі N 229 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Қаратал ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 09 қазанда N 2-12-126 тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 109 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 22.02.2024 № 109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратал ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім:

Қ. Медеуов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады