Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2010.09.21 N 39-189 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, сондай-ақ аудан әкімінің 2009 жылғы 2 қазандағы N 2-10-674 хатына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттен 4138000 (төрт миллион бір жүз отыз сегіз мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Әлеуметтік көмектің төленуі және осы шешімнің орындалуы "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Ж. Амандосовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы: Ұ. Досмолданова
Мәслихат хатшысы: М. Рақымбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қаратал аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы: Серік Жапарұлы Амандосов
15 қазан 2009 жыл