Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2011.11.10 N 57-260 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Қаратал аудандық мәслихатының 2009 жылғы N 28-123 "Қаратал ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 29 қазанында 2-12-131 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 6 қарашасында аудандық "Қаратал" газетінің 46 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы: С. Дәркенбаева
Мәслихат хатшысы: М. Рақымбаев