Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2010.10.19 N 40-193 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2009 жылғы 12 қазандағы N 2-10-714 хатының негізінде, Қаратал аудандық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үштөбе қаласының аймақтық әкімшілік жерлеріндегі, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығының, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін елді мекендер, өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың кәсіпкерлікпен шұғылдануына берілген автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына бөлінген жерлерден басқа жерге, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 2010 жылға 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. 2010 жылға ауылшаруашылық мақсатындағы елді мекендер, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығының, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, ауыл округтерінің жерлеріне жататын және Үштөбе қаласының аймақтық әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына бөлінген жерлерден басқа жерге, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 40 пайызға жоғарылатылсын.
3. Қаратал аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 07 мамырдағы N 24-99 "2009 жылға жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 10 маусымында 2-12-108 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 19 маусымында аудандық "Қаратал" газетінің 26 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
4. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы: Ұ. Досмолданова
Мәслихат хатшысы: М. Рақымбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қаратал ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы: Алтынхан Кемалшанұлы Нұрланов
15 қазан 2009 жыл