Қаратал ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 12-28 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 27 қаңтарда N 2-12-138 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 12-03 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің 2010.12.22 N 12-03 Шешімімен

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17–бабының 3-тармағына сәйкес, 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында Қаратал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
      2. 1993 жылы туылған, сондай-ақ шақыру учаскесінде бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алу қамтамасыз етілсін.
      3. "Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (М. Қорғанбаев) ұсынылсын:
      1) 2010 жылғы 17 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияда есепте тұрған жастардың тізімін беру.
      2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіруде көмек көрсету, ол үшін аудандық ішкі істер бөлімі мен қорғаныс істері жөніндегі бөлімі өкілдерінен іздестіруді бақылау және іздестіру тобын құру.
      4. "Қаратал ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Б. Құмаров) ұсынылсын:
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тізімге алушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлеу.
      2) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсыру.
      3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізу.
      4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастау, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсыру.
      5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Амандосов):
      аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1993 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
      6. "Қаратал ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (С. Тыныстанов):
      1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мұғалім бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын.
      2) 1993 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
      7. Аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі (Ж. Әлімбетов):
      кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын.
      8. "Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Ғ. Жантурин) осы шешімнің орындалу барысы және азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу қорытындысы туралы Қаратал ауданы әкіміне 2010 жылдың 5 сәуіріне дейін ақпарат тапсыру ұсынылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                             Қ. Медеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады