Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Қызылбалық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарақұм ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар:
1) бірінші көшеге Ыбырай Алтынсарин есімі;
2) екінші көшеге Шоқан Уәлиханов есімі;
3) үшінші көшеге Сәкен Сейфуллин есімі;
4) төртінші көшеге Абай Құнанбаев есімі:
5) бесінші көшеге Дінмұхаммед Қонаев есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Д.Әшірімбетов