Бастөбе ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 13 қарашадағы N 32 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 3 желтоқсанда N 2-12-135 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бастөбе ауылының 22 шағын ауданындағы бірінші көше Мұстафа Шоқайдың есімімен аталсын.
      2. Бастөбе ауылының 22 шағын ауданындағы екінші көше Сырым Датұлының есімімен аталсын.
      3. Бастөбе ауылының 22 шағын ауданындағы үшінші көше Құрманғазы Сағырбайұлының есімімен аталсын.
      4. Бастөбе ауылының 24 шағын ауданындағы төртінші көше Шәкен Аймановтың есімімен аталсын.
      5. Бастөбе ауылының 24 шағын ауданындағы бесінші көше Жүсіпбек Аймауытовтың есімімен аталсын.
      6. Бастөбе ауылының 24 шағын ауданындағы алтыншы көше Міржақып Дулатовтың есімімен аталсын.
      7.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      8.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім:                                      Э. Ким

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады