Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 38-222 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2008 жылдың 29 желтоқсанындағы "Әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары туралы" N 15-117 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 19 қаңтарында N 2-13-85 болып тіркелген, аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің 2009 жылдың 23 қаңтарының N 4 (3441) санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1. Шешімнің 2-тармағындағы:
"Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі" деген жолдар "Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі" деген жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының
сессия төрағасы Дәулет Мұратбекұлы Нүспеков
Кербұлақ аудандық
мәслихатының хатшысы Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов