Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде біріңғай тіркелген салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 15-117 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 19 қаңтарда N 2-13-85 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2010 жылғы 11 мамырдағы N 29-223 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 11.05.2010 N 29-223 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
       2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2009.03.02 N 19-128 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      Аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            Бақытжан Рақымжанұлы Мақұлбеков

      Кербұлақ аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов

Кербұлақ аудандық мәслихатының
2008 жылдың 29 желтоқсандағы
"Әкімшілік–аумақтық бірліктің
аумағында жүзеге асырылатын
барлық салық төлеушілер үшін
бекітілген базалық ставкалар
шегінде бірыңғай тіркелген салық
ставкалары туралы" N 15-117
шешіміне қосымша

Әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асырылатын барлық
салық төлеушілер үшін бекітілген базалық ставкалар шегінде
бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Рет саны

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі
мөлшері (айлық есептік
көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған, ұтыссыз ойын
автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын
автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін
Пайдаланылатын дербес
компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады