Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 30.04.2010 N 29-218 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 381 бабына, 387 бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жоғарылатып бекітілсін;
2. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2008 жылдың 16 қазанындағы "Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкаларын жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 24.11.2008 жылғы тіркелген нөмірі 2-13-81, аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы нөмірі N 49 (3434) таралымының бетіне жарияланған) N 12-94 шешімінің күші жойылсын;
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының
сессия төрағасы Баян Сырлыбекұлы Сырлыбеков
Кербұлақ аудандық
мәслихатының хатшысы Есенбай Әбдірахманұлы Сұраншынов
Кербұлақ аудандық мәслихатының
2009 жылдың 23 желтоқсанындағы
"Елді мекендердің жерлеріне
салынатын базалық салық
ставкаларын жоғарылату туралы"
N 26-185 шешіміне
қосымша
Алаңның бір шаршы метріне шаққанда Сарыөзек ауылдық округі
бойынша
N п.п |
Елді мекеннің |
Тұрғын үй |
Тұрғын үй |
Тұрғын үй |
Тұрғын үй |
1 |
Сарыөзек |
0,48 |
0,09 |
0,72 |
0,135 |
Алаңның бір шаршы метріне шаққанда басқа ауылдық округтер
бойынша
N п.п |
Елді мекеннің |
Тұрғын үй |
Тұрғын үй |
Тұрғын үй |
Тұрғын үй |
1 |
Селолар |
0,48 |
0,09 |
0,576 |
0,108 |