Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы N 27-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 8 шілдеде N 2-14-76 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 шілдедегі N 42-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2010.07.29 N 42-5 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағындағы 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына және аудан әкімінің 2009 жылғы 22 маусымдағы N 81-02-11/929 ұсынысына сәйкес аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С. Ботанбаев

      Аудан мәслихатының
      хатшысы                                    Б. Қисметов

Аудан мәслихатының 2009 жылғы
24-маусымдағы "Табысы аз
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын
үй көмегін көрсету тәртібі
және мөлшерін белгілеу
туралы" N 27-2 шешіміне
қосымша

Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібі және мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
       2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) жергілікті бюджетінің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
       3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің орташа айлық табысының 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
       4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
       5. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап көмек алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
       6. Аудандық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі- телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу)-коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.
       7. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және ауылдық округ әкімдеріне тұрғын үй көмек көрсету жөніндегі қызметке жәрдемдеседі.
       8. Учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін сұраған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия. Учаскелік комиссия өтініш берушілерден құжаттарын қабылдап, оларды тіркейді және тұрғын үй көмегін берудің қажеттілігі туралы қорытындылар актілерді әзірлейді, уәкілетті органға жиырма күн ішінде тапсырады. Учаскелік комиссиялардың құрамын қоғамдық негізінде ауылдық округтердің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктер, тұрғындар, ұйымдар мен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және құқық-қорғау органдарының өкілдерінен құрылады. Учаскелік комиссиясының мәжілісі кем дегенде он күнде бір рет өткізіледі. Учаскелік комиссия мүшелері уәкілетті органға ұсынылған актіде көрсетілген ақпараттардың нақтылығы мен сенімділігіне жауапкершілікте болады.
       9. Учаскелік комиссиялар өз қызметін Алматы облысының әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 99 "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережесін бекіту туралы" қаулысы шегінде жүзеге асырады.
       10. Уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.Уәкілетті орган әкімдерден қоса тіркелген құжаттарымен және учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштерді қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он бес күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тартқан жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша хабардар етеді.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      11. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, оның ішіне 55 жасқа толғандар, күтімге мұқтаж деп танылған 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін деп танылған 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып - күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
       12. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
       13. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
       14. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары (жалгерлік) оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса тұрғылықты жеріндегі ауылдық учаскелік комиссияға төмендегі құжаттарды ұсынады:
       1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
       2) Әділет басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда;
       3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет) немесе жал шарты (жалдау);
       4) азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұрғылықты жерінен анықтама (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда);
       5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
       6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен айға, тоқсан сайын), көмірдің және газ балонның түбіртегі қажет етілмейді;
       7) салық төлеушінің нөмірі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
       15. Белгілі санаттағы тұлғалар үшін, жұмыссыз - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, мүгедек- медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясынан анықтама, жалғыз басты ана-N 4 үлгідегі анықтама (Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімі берген).
       16. Кенттік, ауылдық округ әкімдігі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді.
       17. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
       1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
       2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
       3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс; (жұмыс жасамаса жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, бас бостандығынан айрылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда екендігін растайтын анықтама, туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) есепте тұрса немесе емдеуде, еңбекпен емдеу профилакториясында болғаны жөнінде анықтама өткізсе, Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетке тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда алимент есепке алынбайды);
       4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына кенттік, ауылдық тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады.
       18. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй көмегi;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер.
      7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
      Егер жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
       8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.
       19. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кенттiк, ауылдық округ әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.
       20. Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттiк, ауылдық округтiң әкiмiне ұсынады.
       21. Кенттік, ауылдық округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
       22. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
       23. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
       24. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
       25. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.
       26. Өтініш беруші мен тұрғын үй көмегін алушы уәкілетті органның және оның қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
       27. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларына сәйкес тұрғын үй көмегінің тағайындалуы мен оны төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығы үшін жауапты болады.

3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

      28. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон;
      2) электр жүйесін қолдану;
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға-90 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
      4) жыл бойына 3 тонна көмір.
       29. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудандық қызмет көрсету мекемелері ұсынады.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      30. Тұрғын үй көмегінің төлемі "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен аудандық пошта бөлімі филиалы арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.

      Аудан мәслихаты
      аппаратының басшысы                        М. Қаблисанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады