РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын, басшылыққа алып, Айнабұлақ ауылының тұрғындарының пікірін және Көксу аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты, Айнабұлақ ауылының Путейская мен Вокзальная көшелері қосылып, Ағыбаев Бартай көшесі болып атауы өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айнабұлақ ауылдық
округінің әкімі Ж. Байұзақов