РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын, басшылыққа алып, Алғабас ауылының тұрғындарының пікірін және Көксу аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданы Алғабас ауылдық округіне қарасты, Қызылтоған ауылындағы Қызылтоған көшесі Ысқақ Құмбайұлы болып атауы өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алғабас ауылдық
округінің әкімі А. Досымбеков