РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, Жарлыөзек ауылының тұрғындарының пікірін және Көксу аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып, Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты, Бозтоған ауылының Мектеп көшесін Марден Мұхаметқалиұлы көшесі болып атауы өзгертілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарлыөзек ауылдық
округінің әкімі Б. Жолбаев