Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2010.04.26 N 158 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасы, Қазақстан Республикасының 8 шілде 2005 жылғы "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 779 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында 1982-1991 жылдары туылған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақыру мен оған дайындық жұмыстары жүргізілсін.
2. Селолық, поселкелік округтер әкімдері:
1) Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына шақырылу туралы шақырушыларды дер кезінде хабардар етсін.
2) Шақырушыларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне өз уақытында ұйымдастырып, жеткізу жұмыстары жүргізілсін.
3) Аудандық шақыру комиссиясына шақырылғандарды барлық қажетті құжаттармен өз уақытында, ұйымшылдықпен келулерін қамтамасыз етсін.
4) Шақырушыларды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімдерін өткізсін.
3. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44-бап 4-ші тармағына сәйкес әскерге шақыру пункттеріндегі комиссия мүшелері мен медицина қызметкерлерінің әскерге шақыру және жөнелту кезеңінде жұмыс орны, қызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
4. Әскерге шақыру аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктінде өткізілсін.
5. Аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері (Б.Тлемісов келісім бойынша):
1) Шақыру пункітін қажетті медициналық жабдықтармен, мүліктермен қамтамасыз етсін және аудандық шақыру комиссиясының қарамағына маман дәрігерлер бөлсін.
2) Науқас шақырылушылардың стационарлық және амбулаториялық тексерілуін қамтамасыз ету, ол үшін аудандық ауруханада осы мақсатта кем дегенде 5 төсек бөлініп, қысқа мерзім ішінде тексерудің қортындысын белгіленген үлгі бойынша толтырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге жарамдылығы туралы қорытынды шешім қабылдау үшін құжаттарын аудандық шақыру комиссиясына тапсырсын.
3) Шақыру басталғанға дейін 1982-1991 жылдары туылған барлық шақырылушылардың форма 25-5 үлгісіндегі амбулаториялық картасымен форма 25-4 үлгісіндегі қосымшасы және трахома, туберкулез, ақыл-есі, тері-венерологиялық аурулардың есебінде тұрған шақырылушылардың тізімдерін шақыру комиссиясына тапсырсын.
4) Шақыруға жататын азаматтардың кеуде қуысы органдарын тексеруге флюорографиялық қондырғымен және оған қажетті пленкаларды даярлап, аудандық шақыру пунктінде командаларды жіберу кезінде әрбір шақырылушының жүрек қағысын тексерсін (электрокардиограмма).
6. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес аудандық ішкі істер бөлімі (Б.Оңгаров келісім бойынша):
1) Аудандық жергілікті әскери басқару органға әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуда, азаматтарды әскери қызметке (әскери жиындарға) шақыруды жүргізуде көмек көрсетілсін.
2) Анықтау және алдын ала тергеу органдары жеті күн мерзім ішінде ауданның жергілікті әскери басқару органға оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттер туралы, ал соттар оларға қатысты қылмыстық істерді сот қарап жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы, оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы хабарласын.
3) Шақырылушыларды тасымалдау кезіндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әскер қатарына жіберу кезіндегі және шақыру учаскесінің шақырылушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жасасын.
7. Бағдарлама әкімгері аудан әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің жетекшісі (Қ.Төлепбердиев) әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларға аудан бюджетінде бекітілген қаржы шегінде тиісті орындармен есептесу жұмыстарын жүргізсін.
8. Аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Зықаев Х.):
1) 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудандық шақыру комиссиясының құрамына қоғамдық жұмыскерлер есебінен мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерін меңгерген 5 жұмыскер бөлсін.
9. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Әбілғазиев.Н):
1) Азаматтарды міндетті әскер қатарына шақырудың қортындысымен аталған қаулының орындалу барысы жайлы аудан әкіміне 2010 жылдың 10 қаңтарына хабарласын.
10. Аудандық әділет басқармасында 27.05.2008 жылы нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2-15-58 санды тіркелген, ("Хантәңірі" газетінде 31.05.2008 жылы N 22 /7537/ санына жарияланған) аудандық әкімдіктің 16.05.2008 жылғы N 122 санды 1981-1990 жылдарда туылған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусым, қазан желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қаулысының күші жойылған деп табылсын.
11. Осы Қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлына жүктелсін.
12. Жергілікті баспасөзде ресми жариялғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі А. Айтжанов