Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011.03.31 N 80 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8- тармақшасына, Қазақстан Республикасының 8 шілде 2005 жылғы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Републикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 960 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 2 мекен-жайындағы шақыру учаскесінде Райымбек аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сай құрамда құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 44 бап 4-ші тармағына сәйкес әскерге шақыру пункттеріндегі комиссия мүшелері мен медицина қызметкерлерінің әскерге шақыру және жөнелту кезеңінде жұмыс орны, қызметі және орташа еңбекақысы сақталсын.
4. Әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. «Аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Инкербаев Ерлан Кеңесбекұлы келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру, Райымбек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлау ұсынылсын.
6. Аудандық әділет басқармасында 27 мамыр 2009 жылы нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-15-70 санды тіркелген, («Хантәңірі» газетінде 6 маусым 2009 жылы № 22 /7584/ санына жарияланған) аудандық әкімдіктің 8 мамыр 2009 жылғы № 142 санды 1982-1991 жылдарда туылған азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қаулысы орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулыныңың жүзеге асуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қуанышев Ерлік Қуанышұлына жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Айтжанов