Аудан әкімдігінің 2007 жылдың 31 қаңтардағы N 59 "Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 146 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 27 мамырда N 2-15-71 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 14 қарашадағы N 190 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық әкімдігінің 14.11.2013  N 190 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабының 1-тармағы 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.03.2009 жылғы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Аталған қаулының бірінші тармағы мынандай редакцияда жазылсын:
      Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
       2. Үшінші тармағының 1-тармақшасындағы "деп" деген сөз алынып тасталсын, 2 тармақшасы "жылдық жоспарға қосымша ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орнына қатысушы 1 адамның орташа еңбекақысы 30 мың теңгеден кем емес мөлшерде белгіленсін. Оның 50 пайызын, яғни 15 мың теңгесін жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлеу" деген сөздермен толықтырылсын.
       3. Төртінші тармағындағы "Әлеуметтік жұмыс орындарына" деген сөздерден кейін "жіберілетін жұмыссыздардың еңбек ақысының қаржысын" деген сөздермен толықтырылсын.
       4. Қосымшаның 1 тармағының 1-тармақшасында "азаматтарға арналған" деген сөздер "азаматтарды қабылдайтын" деп, уақытша сипатта деген сөздерден кейінгі "болады" деген сөз "ұйымдастыратын" деп, "орындары" деген сөзден кейінгі "қолданылмайды" деген сөз "пайдаланылмайды" деп өзгертілсін және "әлеуметтік жұмыс орнына қатысушыға төленетін еңбекақының 50 пайызынан кем емес мөлшерін төлей алатын" деген сөздермен толықтырылсын.
       5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлына жүктелсін.
       6. Жергілікті баспасөзде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы:                          Қ. Жаңабаев

Райымбек ауданы әкімдігінің
"Нысаналы топтарға жататын
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы" 2007 жылдың
31 қаңтардағы N 59 Қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы 2009 жылдың
14 мамырдағы N 146 Қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібі.

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі шарттармен анықталады:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз деп танылған халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды қабылдайтын;
      2) әлеуметтік жұмыс орындарын уақытша сипатта ұйымдастыратын және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындарын пайдаланбайтын;
      3) жұмыс беруші ретінде қолайлы кесте арқылы жартылай жұмыс күнін белгілеуге мүмкіндігі бар;
      4) әлеуметтік жұмыс орнына қатысушыға төленетін еңбекақының 50 пайызын төлей алатын;
      2. Халықтың нысаналы топтары үшін құрылатын әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс беруші мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында келісім шарт жасау арқылы жүзеге асырылады. Келісім шартта әлеуметтік жұмыс орнының түрі, көлемі, тараптардың міндеттері және еңбекақы көлемі мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтардың еңбекке бейімделуіне себеп болуы қажет.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыруды бақылау уәкілетті орган арқылы жүзеге асырылады.

      Аудан әкімі
      аппаратының жетекшісі                      Қ. Төлепбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады