Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы N 150 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Райымбек ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 17 маусымда N 2-15-73 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 264 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 264 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20–бабына және Райымбек аудандық мәслихатының 22 желтоқсан 2008 жылғы "Райымбек ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" N 17-83 шешіміне сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй-коммуналдық қызметтері бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер белгіленсін: айына бір рет электр қуатымен - 45 Квт, 1 - кіші газ балонының құнын, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде нарықтық баға бойынша жылына бір рет 1 (бір) тонна көмірдің құны.
      2. "Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Зықаев Халық Сансызбайұлы қосымша жеңілдіктердің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
      3. "Райымбек аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Омархалық Қайрат Байғайыпұлы аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасымберкебаев Тәңірберген Қасымақынұлына жүктелсін.
      5.Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Айтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады