Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 21.12.2009 № 4-25-165 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымының мамандарына 2009 жылғы бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
2. Панфилов ауданының қаржы бөлімі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін (Албанбекова Бибігүл Нүкенқызы).
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмекті есептеу және төлеу жұмыстарын жүзеге асырсын (Жақыбай Азат Жапарұлы).
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы Б. Ауелбеков
Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Оспанов