Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 21.12.2009 № 4-25-165 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 53–бабының 2–тармағының 2–тармақшасына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне 2009 жылғы бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй жайларды жылыту үшін отын сатып алуға әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
2
. Панфилов ауданының қаржы бөлімі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін (Албанбекова Бибігүл Нүкенқызы).
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмекті есептеу және төлеу жұмыстарын жүзеге асырсын (Жақыбай Азат Жапарұлы).
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы Б. Ауелбеков
Аудандық мәслихат
хатшысы Т. Оспанов