Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 шілдедегі N 398 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Панфилов ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 26 тамызда N 2-16-91 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер белгіленсін: айына бір рет электр қуатымен - 45 киловатт, 1 кіші газ балонының құнын, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде нарықтық баға бойынша жылына бір рет 1 (бір) тонна көмірдің құны.
      2. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Жақыбай Азат Жапарұлы қосымша жеңілдіктердің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
      3. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Албанбекова Бибігүл Нүкенқызы аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Абдықадырұлына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Келемсейіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады