Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 3 тамыздағы N 4-21-139 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Панфилов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 26 тамызда N 2-16-92 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 4-25-165 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 21.12.2009 № 4-25-165 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Панфилов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік мәдениет ұйымының мамандарына 2009 жылғы бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
      2. Панфилов ауданының қаржы бөлімі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін (Албанбекова Бибігүл Нүкенқызы).
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмекті есептеу және төлеу жұмыстарын жүзеге асырсын (Жақыбай Азат Жапарұлы).
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Р. Қожахметова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Т. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады