1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қаңтарда N 2-17-68 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімінің 2009.04.01 N 2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 18 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу үшін аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2009 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1992 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
       2. Ауылдық, поселкелік, қалалық округтердің әкімдері:
      1) 1992 жылы туылған, сондай-ақ жасы ұлғайған азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін;
      2) азаматтардың медициналық куәландырудан өткізілуін қамтамасыз ету үшін олардың учаскесіне жеткізілуін қадағаласын.
       3. "Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (М.С.Долаева):
      1) 2009 жылғы "Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1992 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
      2) тіркеуге алуға дейін 1992 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін.
       4. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі (М.Т.Жексінбаев):әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіру топтарын құрсын.
       5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сарбасовқа жүктелсін.
       6. Осы шешім баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Бекішов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады