Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда N 2-17-69 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 114 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2011.03.31 N 114 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, 2009-2010 жылдарға арналған Сарқан ауданында ақылы қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылсын.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.
       3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               С. Бекішов

Сарқан аудан әкімдігінің
2009 жылғы 12 қаңтардағы
"Ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы"
1 қаулысына
қосымша

Сарқан ауданындағы ақылы қоғамдық жұмыстардың тізбесі

N

Жұмыспен қамтушы

Қоғамдық жұмыстың түрлері

адам саны

жұмыс
ұзақтығы
(ай)

1

Қалалық, кенттік,
ауылдық
округтердің
әкімдері

Қала, кент, ауылдардың аумағына
тазарту жұмыстарын жүргізу
(ағаштарды, жол көркемдемелерін
әктеу)

70

3



Аймақтың экологиясын сауықтыру,
көгалдандыру, көркейту
жұмыстарына қатысу

60

3

Шаруашылық кітаптарды анықтап
толтыруға көмектесу

25

3

Көшеттерді қондыру және оларды
күту

30

3

Ұлы Отан соғысының
қатысушыларына және жесірлеріне
жалғыз басты қарттарға көмек
көрсету

15

3

Иесіз қалған үйлерді бөлшектеу
жұмыстарын жүргізу

15

3

Көпірлердің, жолдардың
шұңқырлары мен шытынауларын
жөндеу. Сол жұмыстарға қажетті
тас қиыршығы, кұм сияқты
материалдарды дайындау.

20

3

Республикалық аймақтық
науқандық шаралар өткізуді
ұйымдастыруға көмектесу

15

3

Тарихи сәулеттік ескерткіштерді
қорықтық аймақтарды қалпына
келтіру

10

3

Әлеуметтік мәдени мәні бар
тұрғын үйлерді қайта жөндеу
жұмысына қатысу

10

3

Имарат және суаққы тазалау
жұмыстарын жүргізу

20

3

Мұражай жұмыстарын жүргізу

2

3

Тұрмысы төмен отбасыларына және
оралмандарға мемлекеттік жәрдем
ақы алуға, кеңістік және
құжаттарын қабылдауда көмек
көрсету

14

3

Қамау орындарынан босатылған
адамдарға әлеуметтік көмек беру

1

3

Оралмандардың жұмыстары бойынша
көші-қон бөліміне көмек көрсету

4

3

2

"Қазақ соқырлар
қоғамы", "Арай
жастар орталығы",
"Территориальное
общественное
самоуправление
села Аманбоктер"
"Сарқан ауданының
мүгедектерінің
ерікті қоғамы"
қоғамдық
бірлестігі,
"Ұлағат" қоғамдық
қорының Жарғысы

Құқықтық көмек беру, үй
шаруасындағы жұмыстарға,
хат-хабарды жеткізіп беру,
қыстық отын дайындау, бақша
жұмыстарына әлеуметтік көмек
көрсету

30

12

1-2 топтағы мүгедектермен жұмыс
жүргізу

Спорт командасын дайындау,
халық билерін үйрету

Мүгедек балалармен,
жасөспірімдермен жұмыс жасау,
ұлттық қолөнер және шахмат
үйірмесі жұмысын жүргізу

Тұрмысы төмен отбасыларына
қазақ, орыс және түрік
тілдерінде компьютерлік
сауаптылыққа үйрету, кеңес беру
Би, қол-өнер, шығармашылық,
музыкалық үйірмелік жұмыстарды
жүргізу

Жұмыс іздеушілер клубын
ұйымдастыру

Аула клубының жұмысына көмек
көрсету (үйірмелік жұмыстар)

Аз қамтылған, толық емес
отбасыларының балаларына
бала-бақша ұйымдастыру

Жастармен жұмыс

Гүл көшеттерін және ағаш
отырғызу және оларды күту

Қол өнерді, халық дәстүрін
қайта жандандыруға көмектесу

Ауылдағы әйелдердің
белсенділігін көтеру

Ауылдың мәдени, әлеуметтік-
экономикалық ахуалын көтеру

3

Зейнетақы төлеу
жөніндегі
мемлекеттік
орталығының
Алматы облыстық
филиалы Сарқан
аудандық
бөлімшесі

Зейнетақы және жәрдемақының
мөлшерін қайта есептеу
жұмыстарына байланысты
архивтегі зейнеткерлердің жеке
істеріне өзгерістерді тігу және
желімдеу; төлемдердің жаңа түрі
бойынша құжаттарды рәсімдеуде
көмек көрсету

8

3

4

Сарқан аудандық
Әділет
басқармасы

Мұрағаттық жұмыстарға көмек
көрсету

5

3

5

"Республикалық
фитосанитарлық
диагностика мен
болжамдар
әдістемелік
орталығы"
мемлекеттік
мекемесі Сарқан
аудандық филиалы

Ауыл шаруашылықтағы
зиянкестермен күресу (азиялық
шегіртке, итальяндық прус)

11

4

6

"Аудандық
қорғаныс істері
жөніндегі бөлім"
мемлекеттік
мекемесі

Күзде және көктемде азаматтарды
әскерге шақыру мезгілінде
құжаттар толтыруға, шақыруға
көмектесу

27

3

7

"Алматы
облысының
мемлекеттік
мұрағаты"
мемлекеттік
мекемесінің
Сарқан филиалы

Мұрағат қорларын қалпына
келтіру

8

3


Барлығы

32 түр

400


      Ақылы қоғамдық жұмыстардың еңбекақысы жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген ең төменгі айлық еңбекақы көлемінде төленеді.

      Аудан әкімі:                               С. Бекішов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады