Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды реттеу туралы» Заңының 18 бабы 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар ауданының ауылдық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде 2009 жылға әлеуметтік көмек төленсін.
2. Аудандық қаржы бөліміне (Р.Алмабекова) әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз ету;
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ч.Тазабеков) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз ету;
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аудандық денсаулық сақтау, білім беру, дене тәрбиесі және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшыларына қызметкерлердің жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, поштадағы есеп шотының нөмірі көрсетілген құжаттардың көшірмелерін беру ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық, тіл, мәдениет және спорт жөніндегі тұрақты комиссиясына (Бекбосынов М.Р.) жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы