Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы N 12-185 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 8 мамырда N 2-19-76 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы N 02-50 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2010.01.25 N 02-50 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына әне Ұйғыр аудандық мәслихатының 19 желтоқсан 2008 жылғы "Ұйғыр ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" N 17-2 шешіміне сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барлық қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша төмендегідей қосымша жеңілдіктер белгіленсін: айына бір рет электр қуатымен – 45 Квт, 1 - кіші газ балонының құнын, ал орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ үйлерде нарықтық баға бойынша жылына бір рет 1 (бір) тонна көмірдің құны.
       2. "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Турдыбакиев Турсунжан қосымша жеңілдіктердің тағайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
       3."Ұйғыр аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Даутова Сахидям Молутқызы аудандық бюджетте көзделген қаржыландыру жоспарының міндеттемесіне және төлемнің қаржы шегіне сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру мәселелерін шешсін.
       4.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модинұлына жүктелсін.
       5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады